Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Атамекен» жергілікті кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 17 маусымда құрылыс материалдары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша Open Space өткізді.
Бұл жиынға құрылыс материалдарын өндірушілердің өкілдері мен басшылары қатысты. Кеңес барысында құрылыс материалдары нарығындағы проблемалар және бағаның өсуіне жол бермеу мәселелерін шешу жолы талқыланды. Ашық талқылау форматында өткен жиында қатысушыларға монополияға қарсы заңнаманың нормалары, сондай-ақ, монополияға қарсы заңнаманың нормаларын бұзу алып келетін жауапкершілік және адал бәсекелестіктің артықшылықтары туралы түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлер жөн-жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.