
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті кірпішті өткізу нарығын талдау барысында, ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу, яғни 4 нарық субъектісінің іс-әрекетінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттерін, тауарды өткізуде бағаны келісіп белгілеу белгілерін анықтады.
Аталған субъектілерге монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін жою туралы хабарлама жіберілді.
Хабарлама нарық субъектілерінің қарау сатысында, негізделген және бәсекелестік бағаны белгілеу жолымен, күнтізбелік 30 күн ішінде орындалуға жатады.
Кодекстің 170-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, тауарларды өндіруді, өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге бағытталған, оның ішінде тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа да мәліметтерін белгілеуге және (немесе) ұстап тұруға қатысты келісілген әрекеттеріне тыйым салынады.
Сондай-ақ, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қарсы шаралар қабылдау мақсатында, Департамент 11 құрылыс материалына: цемент, бетон, арматуралық болат, шыны, қабырға блогы, кабель, мырышталған профлист, қада, плита, полиэтиленді құбырға талдау жүргізуде.
Нарық субъектілерінің әрекетінде бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер анықталған жағдайда, монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданатын болады.
Егер Сіз бәсекелестікке қарсы әрекеттерге тап болсаңыз немесе құқықтарыңыз шектелген жағдайда, Агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне (мекен жайы: А.Петров көшесі, 5, тел: 56-79-28, dkzrk.kense@economy.gov.kz эл.поштасы) хабарласуыңызды сұраймыз.