Ақтөбе облысында сұйытылған газды көтерме саудада өткізуші үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ақтөбе облысында сұйытылған газды көтерме саудада өткізуші үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Өткен жылдың соңында Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы департамент газ желісі ұйымы "ЖҚС-Лидер" ЖШС-не қатысты тергеу жүргізді, тергеу барысында «ЖҚС-лидер» ЖШС 2020 жылдың 20 шілдесі мен 30 қыркүйегі аралығында мүмкіндігі болса тұра жекелеген бөлшек сатушыларға сұйытылған газды сатудан негізсіз бас тартқаны анықталды.

Сұйытылған газды көтерме саудада өткізу нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану салдарынан өңірде кейбір автогаз құю стансаларында газ болмады, тұтынушылар тапшылықты сезінді.

Тергеу нәтижесімен келіспеген "ЖҚС-Лидер" ЖШС монополияға қарсы органның іс-әрекетіне Ақтөбе облысының сот органдарына шағым түсірді.

Ұзақ сот процестерінен кейін аймақтың апелляциялық соты бұл іске нүкте қойды - тергеу нәтижелері заңды және негізделген деп танылды.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты "ЖҚС-Лидер" ЖШС-ні әкімшілік жауапкершілікке тартып, 5 321 220 теңге көлемінде айыппұл салды. Айыппұл толық бюджетке төленді.