ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРУ ЖӘНЕ САТУ НАРЫҒЫНДАҒЫ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ КЕЛІСІЛГЕН ӘРЕКЕТТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРУ ЖӘНЕ САТУ НАРЫҒЫНДАҒЫ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ КЕЛІСІЛГЕН ӘРЕКЕТТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2021 жылғы 11 маусымда "Open Space" алаңында Құрылыс материалдарын өндіру және өткізумен айналысатын субъектілер өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Қатысушылар Құрылыс материалдарын өндіру және сату  нарығындағы ағымдағы жағдаймен танысты. Атап айтканда, монополияға қарсы департамент жүргізілген талдау нәтижелері туралы хабардар етті, оның қорытындысы бойынша «Кентас» ЖШС және «АКНМ» ЖШС іс-әрекеттерінде ҚР КК 170-бабын бұзу белгілері- Құрылыс материалдарын өндіру және сатуды жүзеге асыратын нарық субъектілерінің келісілген іс-әрекеттері анықталды. Екі кәсіпорынға да бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілерін жою туралы хабарлама жіберілді.

 Сондай-ақ, «Ремстройтехника» АҚ басшысы металлға бағаның өсуін тежеуге және болат нарығында, сондай-ақ жалпы республика бойынша құрылыс материалдары нарығында бағаның ауытқуын шектеуге бағытталған шараларды әзірлеу туралы ұсыныс жасады.

Алматы облысы бойынша монополияға қарсы орган бизнес-қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды Open Space-ке белсенді қатысуға шақырады.

Facebook Instagram-дағы @dazrk_po_alm_obl, ал Facebook-тегі @ДАЗРК Талдыкорган парақшасында талқыланатын тақырыптар мен жоспарланған іс-шаралар жарияланатын болады.

Ұсыныстар электрондық пошта мекенжайы бойынша да қабылданады dazrk_alm@azrk.gov.kz  және тел: 8(7282)-24-63-61.