
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (Департамент) Заңды тұлғадан Түркістан облысының жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасының (Басқарма) іс-әрекеттеріне қарсы шағым келіп түсті. Белгілі болғандай, негізсіз бекітілген Басқарма бұйрығымен «Түркістан облысындағы автовокзалдар, автобекеттер және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тізілімінен» шығарылған.
ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Департамент Басқармаға қатысты оның әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама шығарды, алайда хабарлама белгіленген мерзімде орындалған жоқ. Нәтижесінде Департамент тергеу жүргізіп, оның нәтижелері бойынша Басқарманың лауазымды тұлғасына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, Басқармаға қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы Нұсқама шығарылды.
Қазіргі уақытта іс Түркістан қаласының әкімшілік сотының қарауына жолданды.
ашық көздерден алынған фотосурет