ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНДА КАРТЕЛЬДІК СӨЗ БАЙЛАСУ БЕЛГІЛЕРІ

ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНДА КАРТЕЛЬДІК СӨЗ БАЙЛАСУ БЕЛГІЛЕРІ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті "ҚАЗБЕЛМЕДФАРМ" ЖШС мен "MEDIX" ЖШС арасында "СК-Фармация" ЖШС рекомбинантты В гепатитіне қарсы вакцинамен, инактивацияланған полиомиелитке қарсы вакцинамен және B типті гемофильді инфекцияға қарсы вакцинамен, сондай-ақ мизопростол мен гидроксикарбамидпен біріктірілген дифтерия-сіреспе-жасушасыз көкжөтел вакцинасын сатып алу бағасын ұстап тұру бөлігінде картельдік сөз байласу фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Сатып алудың жалпы сомасы 9,1 млрд теңге.

Тергеу барысында "СҚ-Фармация" ЖШС сатып алуларына қатысу кезінде "КазБелМедФарм" ЖШС және "MEDIX" ЖШС заңсыз іс-әрекеттерге барғаны анықталды. Мысалы, кейбір сатып алулар кезінде бір қатысушы тапсырыс беруші көрсеткен бағаға сай баға ұсынысын жібереді, ал басқа қатысушы – бір-екі тиынға аз көрсетеді, бұл ең минималды төмендету конкурста жеңіске жетуге мүмкіндік береді.

Бұл іс-әрекеттер компанияларға конкурстарда жеңіске жетуге және ең тиімді баға шарттары бойынша келісімшарт жасауға мүмкіндік берді, бұл адал бәсекелестік және бюджет қаражатын тиімді/оңтайлы пайдалану қағидаттарына сәйкес келмейді.

Картельдік сөз байласудың белгілері басқа дәлелдер арқылы да көрінеді. Атап айтқанда, тергеу барысында анықталғандай, бұл екі компанияның да штатында бір қызметкерлер болған және іс жүзінде бір кеңседе жұмыс істеген, қойма үй-жайлары бір жерде орналасқан, тендерлерге қатысу үшін өтінімдер бірдей бағалармен берілген.

Тергеу қорытындылары бойынша соңғы шешімді және айыппұл санкцияларын сот айқындайтын болады.

Сондай-ақ, монополияға қарсы ведомство "СК-Фармация" ЖШС-нен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау және сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерге тендерлерді жеңіп алған "Ақниет" ЖШС, "КФК Медсервис Плюс" ЖШС және "Стофарм" ЖШС қатысты картельдік сөз байласу белгілері бойынша тергеуді жалғастыруда. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары тоқтатылды, сот талқылаулары жүріп жатыр.

ашық көздерден алынған фотосурет