
2021 жылғы 4 маусымда Батыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы департамент құрылыс материалдары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша Open Space форматында кеңес өткізді. Кеңеске «Болашақ-Т» ЖШС, «Стройкомбинат» ЖШС, «Стекло-Сервис» ЖШС, «Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС, «Бетонникс» ЖШС құрылыс материалдарын өндірушілер қатысты. Ашық талқылау форматында қатысушыларға монополияға қарсы заңнаманың нормалары, оның ішінде монополияға қарсы заңнаманың нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік және адал бәсекелестіктің артықшылықтары туралы түсіндірілді. Өз кезегінде, кәсіпкерлер құрылыс материалдарын өндіру және сату нарығындағы қазіргі жағдайға тоқталып, жосықсыз бәсекелестік пен тауарды өндіру мен сатуды негізсіз шектеу әрекеттеріне жол бермеу туралы ұсыныстарын айтты.