
Еліміздің алғашқы монополияға қарсы ведомствосы 1991 жылы 7 маусымда, Қазақстан Тәуелсіздігінің таңында құрылды. Жас егемен мемлекеттің қалыптасу, нығаю жылдарында елдің өсіп келе жатқан экономикасының міндеттеріне сәйкес ауқымды мемлекеттік бағдарламалар мен экономикалық реформалар жүзеге асырылды. Монополияға қарсы органның құрылымы қанша мәрте өзгерсе де, бір ғана мақсаты болды - Қазақстанның тиімді бәсекелестік саясатын іске асыру.
2020 жыл мемлекеттің монополияға қарсы қызметі тарихындағы маңызды кезең болды: қазан айында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президентке тікелей есеп беретін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылды. Қазақстанның негізгі нарықтарын қамтитын бәсекеге қабілетті саясатты іске асыратын жаңа міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізуге барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тартылды. Бұл - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елдің ұлттық идеясы бәсекелестігін жариялаудың негізі болды.
Жаңа міндеттер монополияға қарсы мамандардың жоғары кәсіби деңгейін талап етеді. Бүгінде елдің барлық өңірлері мен мемлекеттік маңызы бар қалаларында бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бөлімшелері жұмыс істейді. 2021 жылы алғаш рет Қазақстанның мерекелер картасында монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні пайда болды.
Алғашқы Кәсіби мереке, монополияға қарсы орган қызметкерлері күнінде бәсекелестіктің дамуына елеулі үлес қосқан ведомствоның бұрынғы басшыларын, ұзақ жылдар нәтижелі еңбек еткен монополияға қарсы қызмет ардагерлерін, сондай-ақ, бүгінгі күні агенттігімізде қызмет атқарып жүрген барлық мамандарды төл мерекелерімен құттықтаймын! Біздің алдымызда көптеген маңызды міндеттер тұр. Монополияға қарсы агенттік мамандарының сол міндеттерге жете алатынына зор сенім білдіремін!
Құрметпен, Агенттіктің төрағасы Серік Жұманғарин