БӘСЕКЕЛЕСТІК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ҚАЙТАЛАП БҰЗУ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ӘКІМШІЛІК ІС ҚОЗҒАУДЫҢ НЕГІЗІ БОЛДЫ

БӘСЕКЕЛЕСТІК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ҚАЙТАЛАП БҰЗУ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ӘКІМШІЛІК ІС ҚОЗҒАУДЫҢ НЕГІЗІ БОЛДЫ

Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы органмен «Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-не (Бөлім) қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруді аяқтады.

Атап айтқанда, өткен жылдың соңында монополияға қарсы департамент мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу барысында заң бұзушылықтарды анықтады, аталған бөлім Жарғыда көзделмеген қызмет түрлеріне бір көзден сатып алу тәсілімен кәсіпорындармен шарттар жасасқан. Осыған орай, монополияға қарсы департамент бөлімге қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды тоқтату туралы хабарлама шығарды, алайда мониторинг барысында 4 айдан кейін заң бұзушылықтар қайта орын алды. Қайталанған бұзушылықтарды анықтау нәтижесінде монополияға қарсы департамент тергеп-тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша Бөлім басшысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 163-бабының 1 бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды.