АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ МЕН АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТЕРІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАСЫНЫҢ ТАРЫЛУЫНА ӘКЕЛДІ

АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ МЕН АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТЕРІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАСЫНЫҢ ТАРЫЛУЫНА ӘКЕЛДІ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасының арнайы сақтауды талап ететін тез бұзылатын заттай дәлелдемелерді сақтау бойынша ұйымдардың тізімінен «Надежда-1» ЖШС-ін негізсіз шығарылғандығы туралы берілген ақпаратын жан-жақты зерделеу барысында Атырау қаласы әкімдігінің және Атырау облысы полиция департаментінің әрекеттерінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 194- бабында көзделген құқық бұзушылық белгілерін анықтады.

Полиция Департаментінің бәсекелестікке қарсы іс-әрекеті нарық субъектілерін, оның ішінде «Надежда-1» ЖШС, тауар нарығынан ығыстырып шығаруға бағытталған шешімді қабылдау кезінде (194-б., 2-т., 8)т.), ал Атырау қаласы әкімдігінің бәсекелестікке қарсы іс-әрекеті жоғарыда көрсетілген тізімнен алып тастау туралы тиісті Қаулы қабылдау арқылы «Надежда-1» ЖШС-ін еш негізсіз алып тастау кезінде орын алды.

Осыған орай, ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 199-бабына сәйкес, Атырау қаласы әкімдігі және Атырау облысы Полиция департаменті мекен-жайына ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама шығарылды, және ол 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуға жатады.