
Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2021 жылғы 28 мамырда "Open Space" алаңында квартал аралық газ құбырын тарту бойынша тауар нарығында қызмет атқаратын субъектілер өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді. Қатысушылар кварталішілік газ желілерін тарту қызметтері нарығының қазіргі жағдайымен танысты. Сондай-ақ, Департамент қатысушыларға газ желілерін тарту қызметтерінің құны негізсіз көтерілген жағдайда Департамент монополияға қарсы ден қою шараларын қолданатындығын хабарлады.
Алматы облысы бойынша монополияға қарсы орган бизнес-қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды Open Space-ке белсенді қатысуға шақырады.
Facebook Instagram–дағы @dazrk_po_alm_obl, ал Facebook-тегі- @ДАЗРК Талдыкорган парақшасында талқыланатын тақырыптар мен жоспарланған іс-шаралар жарияланатын болады.
Ұсыныстар электрондық пошта мекенжайы бойынша да қабылданады dazrk_alm@azrk.gov.kz және тел: 8(7282)-24-63-61
Ашық көздерден алынған фотосурет