
2016 жылы Кәсіпкерлік кодексті қабылдаумен монополияға қарсы заңнамаға енгізілді.
Монополияға қарсы комплаенс – бұл монополияға қарсы тәуекелдердің алдын алуға және оларды барынша азайтуға бағытталған шаралар мен рәсімдер жүйесі.
Осы құралдың көмегімен ағымдағы жылдың басында ПТР-тестілеу бағалары 36 нарық субъектісімен ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасасу арқылы 18 мыңнан 9 мыңға дейін төмендеді. «Олимп» КДЛ» ЖШС және «Инвиво» ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын бағалар белгіледі, «Сұңқар» ЖШС және «Әйгерім» ЖШС-ның жекелеген зертханалары бағаларды тиісінше 6 мың және 7 мың теңгеге дейін төмендетті.
Медициналық маскалардың бағасын өндірушілер бір данасы үшін орта есеппен 21 теңгеге дейін, дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерінің үстеме бағасы бір данасы үшін 20 теңгеден 3 теңгеге дейін, өндірушілермен, дистрибьюторлармен және бөлшек сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенс әзірлеу арқылы бір данасы үшін орта есеппен 60 теңгеден 26 теңгеге дейін төмендеді.
Азық-түлік тауарларын өндірушілермен және ірі супермаркеттермен 77 монополияға қарсы комплаенс актісі жасалды.
«Жеңіл құқықты» қолдану практикасы ЭЫДҰ-ның стандарттары мен озық тәжірибесіне сәйкес келеді.