БЕНЗИН НАРЫҒЫНДАҒЫ АХУАЛ ТУРАЛЫ

БЕНЗИН НАРЫҒЫНДАҒЫ АХУАЛ ТУРАЛЫ

Жыл басынан бері Қазақстан бойынша АИ-92 бензині бағаларының орта есеппен 12-13%-ға өсуіне және ішкі нарықты мұнай өнімдерінің осы түрімен қамтамасыз етуге байланысты қалыптасқан ахуалға байланысты Агенттіктің аумақтық бөлімшелері ықтимал алыпсатарлықты және АИ-92 бензині бағаларының негізсіз өсуін болдырмау мақсатында нарыққа талдау жүргізді.

Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша бензинді бөлшек саудада өткізушілердің әрекеттерінде бағалық сөз байласу белгілері анықталды.

Ағымдағы жылғы 30 сәуірде монополияға қарсы орган бензинді бөлшек саудада өткізушілердің атына АИ-92 бензиніне бағаларды белгілеу және ұстап тұру бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер белгілері бойынша                      14 хабарлама енгізді. Оның ішінде 3-і - республикалық АЖҚС PetroRetail, Гелиос, Sinooil.

Ақмола облысы: «PetroRetail» ЖШС (филиал), «Гелиос» ЖШС (филиал), «НПО «ЮНА» ЖШС, «Инком Плюс» ЖШС, «Есиль» ЖШС.

ШҚО: «Восток логистик» ЖШС, «Sinoоil» ЖШС (филиал), «PetroRetail» ЖШС филиал).

СҚО: «Эталон Регион» ЖШС, «Северная Топливная Компания» ЖШС, «PetroRetail» ЖШС (филиал), «Гелиос» ЖШС (филиал).

Қостанай облысы: «PetroRetail» ЖШС (филиал), «Гелиос» ЖШС (филиал), «Костанайнефтепродукт» ЖШС, «Мунай Трейд kst» ЖШС, «Kst trade» ЖШС, «Рудненская Топливная компания» ЖШС, «Костанай Автогаз-7» ЖШС.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес хабарламаны орындау мерзімі оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайды.

Хабарламаны орындамау монополияға қарсы тергеп-тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.

Белгіленген бағаларды Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан бағалау кезінде және олардың негізділігі нарық субъектісінің нақты шеккен шығындарын ескере отырып, оның ішінде көтерме саудада жеткізушілерінен сатып алу бағасын ескере отырып қаралады.

ашық көздерден алынған фотосурет