ЖЕҢІЛ ҚҰҚЫҚ НАРЫҚТЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ӘРЕКЕТТЕРГЕ ЫНТАЛАНДЫРАДЫ

ЖЕҢІЛ ҚҰҚЫҚ НАРЫҚТЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ӘРЕКЕТТЕРГЕ ЫНТАЛАНДЫРАДЫ

«Жеңіл құқықтың» негізгі құралдары: ескерту, хабарлама, монополияға қарсы комплаенс. Оларды қолдану бизнеске бәсекелестікті бұзуды өз бетінше жоюға мүмкіндік береді. Бұрын монополияға қарсы орган бірден тергеп-тексеруге шығатын болса, Қазақстанның қазіргі заманғы бәсекелестік саясаты бизнеске бәсекелестікті бұзушылық белгілерін өз бетінше жоюға мүмкіндік береді.

Монополияға қарсы істердің ерекшелігі – бұл ұзақ уақытқа созылатын істер. Тергеп-тексеру үш айдан бес айға дейін жүргізілуі мүмкін. «Жеңіл құқық» құралдарын қолдану көп жағдайда оң нәтиже береді.

Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы АЛДЫН АЛА ЕСКЕРТУ – бұл монополияға қарсы органның нарық субъектісінің немесе мемлекеттік органның лауазымды адамына тауар нарығында ол жоспарлаған бәсекелестікке қарсы әрекеттерге жол бермеу туралы хаты.

Алдын ала ескертуді жіберу үшін монополияға қарсы заңнаманы бұзуға әкеп соғуы мүмкін және бұл ретте тергеп-тексеру жүргізу үшін негіздер жоқ нарық субъектісінің немесе мемлекеттік органның лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекеті туралы жария өтініші негіз болып табылады.

Мысалы, ағымдағы жылғы наурызда Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлік басқармасының лауазымды адамына алдын ала ескерту шығарылды, бұқаралық ақпарат құралдарында жария түрде былай деп мәлімдеді: «... жыл басында ЖЖМ тасымалдау тарифтері көтерілуді күтетінін ескере отырып, АИ-92, бірақ ЖЖМ барлық түрлеріне бағаның өсуін болжаймыз...». Нарықтағы жоспарланған әрекет туралы мұндай мәлімдемелер, егер осы нарықтың ойыншылары оларды әрекетке басшылық ретінде қабылдаса, бәсекелестікке теріс әсер етуі мүмкін.

ХАБАРЛАМА нарық субъектісіне оның әрекеттерінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталған кезде жіберіледі. Бұзушылық белгілерін өз еркімен жою кезінде тергеп-тексеру жүргізілмейді.                                                                                               

Мысалы, ағымдағы жылы БҚДА-ның өңірлік бөлімшелері бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер және үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша жұмыртқа, күнбағыс майы, қант, қарақұмық жармасы, сүт өнімдері, тауық еті, макарон (рожки) өндірушілеріне және көтерме саудада жеткізушілерге қатысты 48 хабарлама шығарды. Оның 39-ы орындалды. Тауық жұмыртқасын, күнбағыс майын, қант пен қарақұмық жармасын бірқатар өндірушілер мен көтерме саудада жеткізушілер бағалардың 10% - ға дейін төмендегенін мәлімдеді, яғни көп жағдайда «жеңіл құқық» әдісімен азық-түлік бағаларын тежеу мүмкін болды.