МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ КЕЛІСІМІНСІЗ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫН ҚҰРЫЛДЫ

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ КЕЛІСІМІНСІЗ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫН ҚҰРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасымен, Алматы облысының аудандары мен қалаларының білім бөлімдерімен, Талдықорған қаласының мәдениет бөлімімен және «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалымен бірлесіп, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік заңды тұлғаларды құру және мемлекеттік тіркеу бойынша проблемалық мәселелерді талқылады.

Монополияға қарсы департамент қызметкерлері мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік заңды тұлғаларды құру және мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ осы саладағы ықтимал бұзушылықтар туралы түсіндірді. Мысалы, Департамент "Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалына, сондай-ақ Райымбек ауданының білім бөліміне қатысты монополияға қарсы органның келісімінсіз 2 балабақша құрғаны және тіркегені үшін нұсқама шығарды, бұл Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының 4-тармағын бұзу болып табылады.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің "Open Space" ашық коммуникациялық алаңы Мемлекет басшысының "халық үніне құлақ асатын мемлекет"тұжырымдамасын іске асыру аясында құрылды. Апта сайын жұма күндері департамент қызметкерлері онлайн және оффлайн режимінде мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алуға қолжетімділікті шектеуге, субсидиялау мен бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетудің тең емес шарттарына, монополистер желілеріне қосудан және энергия ресурстарын сатудан негізсіз бас тартуға, қызмет операторлары тарапынан тұтынушылардың құқықтарын бұзуға және бәсекелестіктің басқа да шектеулеріне байланысты тауар нарықтарына қатысушылардың ұсыныстарын, мәселелерін, проблемалары мен шағымдарын қарайды.

Департамент бизнес-қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды Open Space-ке белсенді қатысуға шақырады.

Facebook – Instagram-дағы @Dazrk_po_alm_obl, Facebook-тегі - @Dazrk_alm_obl парақшаларында талқыланатын тақырыптар мен жоспарланған іс-шаралар жарияланатын болады.

Ұсыныстар электрондық пошта мекенжайы бойынша да қабылданады dazrk_al@azrk.gov.kz және тел: 8(7282)-24-63-61