
2021 жылғы 19 мамырда Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы Департамент «ГазОйлПром» ЖШС және «Тұмар Мұнай» ЖШС автожанармай құю станцияларының өкілдерімен Open Space өткізді. Кездесуде қатысушылар осы станциялардың билбордтарында АИ-92 және АИ-95 маркалы бензинді Ресей өндірісінің бензині (RUS) ретінде көрсету себептерін талқылады, атап өту керек, салық төлеушіде ресей өндірісінің мұнай өнімдерінің қалдықтары болмаған.
Кездесуге Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «ГазОйлПром» ЖШС және «Тұмар Мұнай» ЖШС әрекетіне Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департаментіне келіп түскен өтініші себеп болды, онда хронометраждық зерттеу барысында бұзушылықтар анықталған. Open Space-те талқылау барысында аталған фактілер расталды: «Тұмар Мұнай» ЖШС мен «ГазОйлПром»ЖШС-да ұзақ уақыт бойы АИ-92 және АИ-95 rus маркалы бензин болмаған.
Осы автожанармай құю станцияларының атына Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 177-бабының 2-тармағында айқындалған жосықсыз бәсекелестік фактілері бойынша бұзушылықты тоқтату туралы хабарлама енгізілді, ол ресейлік өндірілген АИ-92 және АИ-95 маркалы бензиннің «ГазОйлПром» ЖШС және «Тұмар Мұнай» ЖШС станцияларында физикалық болмауы кезінде бұл түрлер ресейлік ретінде сатылатындығынан көрінді.
Сондай-ақ, кездесу барысында Қарағанды облысы бойынша департаментімен кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің нормалары түсіндірілді.
Ашық көздерден алынған фотосурет