
БҚДА-ның Қоғамдық кеңесінде қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Олар Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны дайындаудың әртүрлі аспектілеріне қатысты болды: оны дайындау кезінде халықаралық тәжірибе зерделенді ме, монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөніндегі трастқа қарсы функциядан бәсекелестікті дамыту жағына ұлттық жобаның артықшылығы бар ма, шын мәнінде салалық мемлекеттік органдар көбірек айналысуға тиіс пе, неге Ұлттық жобаның тек 3 бағыты бар және басқалар. БҚДА төрағасы Серік Жұманғарин тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толық жауап берілді. Жалпы алғанда, Ұлттық жобадағы бәсекелестік саясаттың мәні мен мақсаттары мыналар:
- Ұлттық жобаны дайындау кезінде драфт ОЕСD, ЮНКТАД әріптестеріне таныстырылды, олардың ұсыныстары негізінде басқа елдердің жұмыс тәжірибесі зерделенді. Еуропалық мемлекеттердің практикасына сүйенсек, олардың жұмысы қазір трастқа қарсы шоғырланған. Ресейде монополияға қарсы қызмет Ресей Федерациясындағы Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоспарға сәйкес жұмыс істейді, олардың жұмыс ерекшеліктері мемлекеттің федералдық құрылымымен байланысты. Шетелдік әріптестерді бәсекелестікті дамытудың жобалық тәсілі қатты қызықтырды, олар оның нәтижелерін күтеді.
Бүгінгі күні БҚДА бәсекелестікті қорғауға және дамытуға көбірек көңіл бөледі. Агенттік Ұлттық жоба шеңберінде алғаш рет бәсекелестіктің кросс-салалық функциясын қарап жатыр. Ұлттық жобаға қосу үшін 100 жобаның 33-і таңдалды, бірақ Ұлттық жобаны әзірлеу барысында осындай көптеген жобаларға жобалық көзқарасты таратудың күрделілігі туралы қорытынды берілді. Жобада негізгі пайымды, бенчмаркті айқындау қажет деп шешілді, сондықтан бүгінде онда үш негізгі бағыт қалды, ал қалғандары жобаның кешенді жоспарына кіреді. Егер Ұлттық жоба шеңберінде бңр кедергі - өндірістің негізгі факторы болып табылатын электр энергиясы нарығындағы саралау жойылса, ол заңды тұлғаға жүктемені алып тастау есебінен ғана бизнес жылына 31 млрд теңге, ал мемлекет - 20 млрд теңге пайда алады. Бұған мемлекет тарапынан жұмсалатын шығындар жылына шамамен 1,9 млрд.
Бәсекелестік саясаттың кросс-салалық функциясы монополияға қарсы орган бәсекелестікті дамытумен жалғыз айналыса алмайтынын білдіреді, себебі әрбір қадамда көптеген сұрақтар туындайды. БҚДА монополияға қарсы орган ретінде әрбір уәкілетті мемлекеттік органға жауапкершілікті бекіту картасымен Ұлттық жобаны дайындайды. Ұлттық жобаға енбеген жобалар оған Кешенді жоспарда бекітілетін болады, онда мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардан басқа алғаш рет ERG, Petrosun, Қазақмыс сияқты ірі үстем құрылымдар тартылатын болады.
Қоғамдық кеңес отырысының қорытындысы бойынша қатысушылар мамыр айының соңына дейін Ұлттық жоба бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін жіберетіні туралы шешімге келді.