
20 мамырда өткен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында Ұлттық жоба және бәсекелестікті дамыту жөніндегі заң жобасы қаралатиын негізгі мәселелер болды. Қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар Жаннат Ертілесова (Бәсекелестікті және тауар нарықтарын дамыту қауымдастығы кеңесінің төрағасы), Сергей Карплюк (Парламент Сенатының депутаты), Айдын Бикебаев (Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының төрағасы), Рустам Жүрсінов (Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл) БҚДА өкілдерімен бірлесіп елдің бәсекелестік саясатын айқындайтын құжаттардың жобаларын талқылады.
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба мен заң жобасының негізгі бағыттарын ҚР БҚДА Стратегиялық талдау департаментінің директоры Арсен Искаков таныстырды. Бәсекелестіктің басты міндеті - мемлекеттің рөлін айқындау. Ол 3 реттеушілік кедергіде көрсетілген, оларды жою Ұлттық жобаның негізін құрады.
- Ұлттық Жоспарда айқындалған міндеттерді ескере отырып, бұл саламатты бәсекелес ортаны қамтамасыз ету, бәсекелестік салаларда мемлекет иелігінен алу, - деп атап өтті Арсен Искаков,- Ұлттық жоба бәсекелестікті дамытудың 3 базалық реттеуші кедергілерін шешуге бағытталған:
1) «НЕГІЗГІ ҚУАТҚА» шектеулі қол жеткізу (инфрақұрылым, бәсекелестер оларға қол жеткізбей тұтынушыларға қызмет көрсете алмайтын ресурстар) – бизнестің жаңа түрлерін дамытуды немесе жұмыс істеп тұрғандарын ауқымды таратуды қиындатады.
2) БАҒА БЕЛГІЛЕУДІ БҰРМАЛАУ. Кәсіпкерлік кодекстің 116-бабы бағалық реттеудің 14 түрін көздейді. Мемлекеттік баға белгілеу көбңнесе объективті негізделген, бірақ кейде инновацияны, бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіреді.
3) ІРІКТЕП ҚАМҚОРЛЫҚ немесе фаворотизм, бәсекелестіктің «Effet utile» (пайдалы әрекет) қағидатын бұзатын, жекелеген компанияларға нарықтық билікті негізсіз беретін құқықтық актілерді қабылдауды шектейтін; бәсекелестіктің аллокативтік тиімділігін бұрмалайтын мемлекеттік қолдау шаралары; нарық субъектілеріне ерекше немесе арнайы құқықтар беру).
Барлық үш кедергі бойынша неғұрлым маңызды «мейнстрим» жобалары және олардың елдегі бәсекелестік саясатын дамыту пайымында «бенчмарк» құрудағы негізгі міндеті айқындалды. Сондай-ақ Ұлттық жоба 11 көрсеткіш пен 25 іс-шараны қамтиды.
Ұлттық жобаны іске асыру 2025 жылға қарай экономикадағы орта кәсіпкерліктің 15% мөлшеріндегі үлесіне (ЖІӨ-дегі ЖҚҚ) қол жеткізуге жәрдемдесетін болады. Ұлттық жобаны іске асырудың жалпы экономикалық тиімділігі 5 жыл ішінде 2,5 трлн-нан асады деп күтіледі.