ҚОЛДАУ АРҚЫЛЫ СУБСИДИЯ АЛУДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР

ҚОЛДАУ  АРҚЫЛЫ СУБСИДИЯ АЛУДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді.

Отырыста кедергілер жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Нашаров агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің субсидия алуы кезінде «Қолдау» АЖ-да техникалық және өзге де проблемалардың болуы туралы мәселені көтерді. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде қолдау шаралары ретінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін «Қолдау» АЖ арқылы инвестициялық салымдар кезінде келтірілген шығындар мен шығыстарды өтеу бөлігінде субсидиялау көзделген.

Алайда, отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік түріндегі ұйымдық-құқықтық нысаны бар шаруа және фермер қожалықтары «Қолдау» АЖ арқылы инвестициялық салымдар кезінде келтірілген шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша өтінімді ресімдеудің техникалық мүмкіндігінің болмауына тап болды, өйткені осы субъектілердің қызметі мен шығыстары БСН бойынша жүзеге асырылады, ал жер учаскелері мен малды тіркеу осы фермерлік/шаруа қожалықтары мүшелерінің ЖСН-іне ресімделген.

Яғни, аталған субъектілерге мемлекеттен субсидия алуға толық өтінім беруге мүмкіндік бермейтін «Қолдау» АЖ бағдарламалық қамтылымының техникалық кемшіліктері бар.

Кедергілер жөніндегі кеңес мүшелері заңнамалық/ведомстволық деңгейде аталған субъектілерге өздерінің өтінім беру және мемлекеттен субсидия алу құқықтарын іске асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтылымға өзгерістер енгізуді және техникалық пысықтау жүргізуді ұсынды. Бұл ретте «Жер кадастры», «Жылжымайтын мүлік кадастры», «Салық төлеушінің кабинеті» және т. б. сияқты бірнеше мүдделі дерекқорларды интеграциялау қажет.

Кедергілер жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кедергілер картасына субсидиялау қағидаларына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігі туралы енгізу үшін ұсыныстар әзірленді, сондай-ақ шаруа/фермер қожалықтарының отбасылық және бірлескен кәсіпкерлік нысанында субсидиялар алуға арналған өтінімді ресімдеу және беру үшін техникалық мүмкіндік беру бөлігінде техникалық іс-шаралар өткізу және "Қолдау" АЖ-ны пысықтау қажет.