
Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 30 сәуірде Open Space алаңында сұйытылған мұнай газын өткізумен айналысатын субъектілер өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді.
Қатысушылар сұйытылған мұнай газын өткізу нарығындағы ағымдағы жағдаймен танысты.
Газ желісі ұйымдары электрондық сауда-саттыққа көшуге байланысты сұйытылған мұнай газы (СМГ) құнының ықтимал ұлғаюына қатысты мәселелерді, сондай-ақ СМГ өндірушілерінің Алматы облысынан алшақтығына байланысты сұйытылған мұнай газын тасымалдау субъектілерінің проблемаларын қозғады.
Алматы облысы бойынша монополияға қарсы орган бизнес-қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды Open Space-ке белсенді қатысуға шақырады.
Facebook Instagram – дағы @dazrk_po_alm_obl, ал Facebook-тегі- @ДАЗРК Талдыкорган парақшасында талқыланатын тақырыптар мен жоспарланған іс-шаралар жарияланатын болады.
Ұсыныстар электрондық пошта мекенжайы бойынша да қабылданады dazrk_alm@azrk.gov.kz және тел: 8(7282)-24-63-61
Ашық көздерден алынған фотосурет