ТАУЫҚ ЕТІН САТУ НАРЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ТАУЫҚ ЕТІН САТУ НАРЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Open Space аясында 2021 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, онлайн режимінде тауық етін саьу нарығындағы проблемалық мәселелерін қарады.

Онлайн отырыс барысында тауық етін көтерме жеткізушілер мен импорттаушылар тауық етінің сату бағасының өсу себептерін валюта бағамының өзгеруі, жеткізушіден сатып алу бағасының өсуі, көлік шығыстары, жеткізу және т. б. түріндегі қосымша шығындардың ұлғаюы деп атады.

Көтерме жеткізушілерден делдалдар мен дистрибьюторлардан тыс ірі бөлшек сауда желілеріне тауық етін тікелей сату туралы мәселені қарау ұсынылды.

Өз кезегінде, Департаментпен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормаларын бағаның алыпсатарлық өсуіне, жасанды тапшылыққа жол бермеуге қатысты түсіндірді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы түсіндірілді.

Ашық көздерден алынған фотосурет