ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент), нарық субъектісінен келіп түскен өтінішті қарау барысында және мемлекеттік сатып алу порталына жүргізілген мониторинг нәтижесінде, «Атырау Су Арнасы» және «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның (бұдан әрі-КМК) алюминий сульфаты тауарын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен қағаз жүзінде жүзеге асырылғандығы анықталды.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 169-1 бабының 4 тармағына сәйкес, тауарларды сатып алуды ұйымдастырушылар, электрондық нысанда өткізілетін сатып алуды және осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға және (немесе) уәкілетті ұйымдарға өткізілген сатып алу туралы ақпаратты беретін жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, монополияға қарсы органға өткізілген сатып алу туралы ақпаратты монополияға қарсы орган бекіткен нысан бойынша есептік тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын береді.
Осыған орай, КМК-ның 2019-2020 жылы қағаз жүзінде жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты ұсынбағандығы негізінде, КМК-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 162-бабы бойынша әкімшілік істер қозғалып, хаттамалар толтырылды.