«КЕДЕРГІЛЕР КАРТАСЫ» 58 ІС-ШАРАСЫНЫҢ 13-І ОРЫНДАЛДЫ. ЕҢ ІРІ:

«КЕДЕРГІЛЕР КАРТАСЫ» 58 ІС-ШАРАСЫНЫҢ 13-І ОРЫНДАЛДЫ. ЕҢ ІРІ:

 

  1. ҚЫЗЫЛОРДАДА жеке заңды тұлғаның өз автобустарында (микровтобустарда) электрондық билеттеу жүйесін орнатуға келісім енгізуіне кедергі анықталды, оны орнатқаны үшін түскен табыстың 9,25% мөлшерінде комиссиялық алым алынады.Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті Қызылорда облысының ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің (бөлім) электрондық билеттеу бойынша конкурс өткізуінің құқыққа сыйымдылығын қарады. Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша электрондық билеттеу нарығында бәсекелес ортаның болуы анықталды. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес, Бөлімнің әрекеттерінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактісі атап өтілді, осының негізінде департамент Бөлімнің әрекеттеріне қатысты хабарлама жіберді.
  1. ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (Басқарма) бірнеше маршруттың бір лотында қалалық маршруттарға конкурс жариялау практикасын енгізді, бұл конкурсқа әлеуетті қатысушылардың шеңберін шектейді. Аталған кедергіні жою үшін Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Басқармаға қатысты бәсекелестікті дамыту және бірнеше маршруттардың бір лотында қалалық маршруттарға конкурстар жариялау жөніндегі практиканы жою туралы нұсқама шығарды.
  1. Өңірлік Кеңестердің отырыстарында құрылыс маусымында БИТУМ БАҒАСЫНЫҢ ӨСУ фактілері бірнеше рет атап өтілді. Агенттік битумды биржалық тауарлар тізіміне енгізу бойынша жұмыс жүргізді. Нәтижесінде битум 2021 жылғы 1 наурыздан бастап биржаларда саудаланады.
  2. МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА мемлекеттік сатып алу веб-порталында, оның ішінде тұрғын үй құрылысы, жол құрылысы және басқа да учаскелерде бәсекелестікке қарсы келісімдердің (келісілген әрекеттердің) белгілері байқалады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша жеңімпазды айқындауды бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактілері анық болған кезде жүргізеді. Тауар нарығын бөлудің тұрақты белгілері байқалады. Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті мемлекеттік сатып алу веб-порталына бәсекелестік заңнаманы бұзу мәніне талдау жүргізді. Талдау қорытындысы бойынша жол құрылысы нарық субъектілері тарапынан Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабында көзделген бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттердің ықтимал белгілері анықталды. Материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.