БҚДА ЖАНЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК

БҚДА ЖАНЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК

 Әкімшілік кедергілер - бұл түрлі тауар нарықтарына кірген кезде кәсіпкерлер тап болатын әртүрлі реттеушілік, құқықтық немесе бюрократиялық кедергілер.

  1. Кедергілер жөніндегі кеңестер - БҚДА және оның өңірлік бөлімшелері жанындағы сарапшылық алаңдар, онда бизнес белгілі бір тауар нарығында бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін көкейтесті мәселелерді жария етеді. Түрлі саладағы 12 сарапшыдан әрбір өңірдегі, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы монополияға қарсы ведомствоның 1 өкілінен тұрады. Тұрақты қатысушылардан, Кедергілер жөніндегі кеңестердің (ҚК) мүшелерінен басқа отырыстарға қатысып, өзекті мәселелерді талқылауға басқа да мүдделі тұлғалар ат салыса алады.
  2. Кедергілер жөніндегі кеңеске қалай қатысушы болуға болады - кедергілерді сипаттай отырып және оларды жою жөніндегі ұсыныстармен Агенттікке өтінішті электрондық поштаға жіберу адрес:s.zhunis@azrk.gov.kz
  3. Кедергілер туралы қалай хабарлауға болады - анықталған кедергілер туралы ақпарат пен оларды жою жөніндегі ұсыныстарды Агенттік сайтының басты бетінде орналасқан сілтеме бойынша нысанды толтырып, Агенттікке жіберуге болады https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSenr8TtzDexSReDlz1ec9MEpwOn_JwLjvod84-Ao7GwLtKxZw/viewform
  4. ҚК қызметінің проблематикасы: Кедергілер жөніндегі кеңестердің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмейтін мәселелерді талқылауға шығару фактілері бар. Агенттіктің міндеті - бәсекелестерді емес, бәсекелестікті қорғау!
  5. ҚК жекелеген мүшелерінің белсенділігі төмен - Кедергілер жөніндегі кеңес туралы ережеге сәйкес оған қатысушылар отырыстарға белсенді қатысуға міндетті. Бұл ретте, Кедергілер жөніндегі кеңестер құрылған сәттен бастап ҚК-нің 216 мүшесінің 70-тен астамы оларға белсенді қатысқан жоқ.
  6. Қабылданатын іс-қимылдар: БҚДА Кедергілер жөніндегі кеңестер құрамын жаңартуды жүргізуде. Тұтастай алғанда, БҚДА және оның өңірлік бөлімшелері бойынша Кедергілер жөніндегі кеңестердің 56 мүшесі ауысты.
  7. Кедергілер картасы - бизнестің көкейкесті мәселелері мен оларды шешу жөніндегі ұсыныстарды қамтитын Агенттіктің құжаты. Бүгінгі күні Кедергілер жөніндегі кеңестердің 90 отырысының қорытындысы бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінде 116-дан астам ұсыныстар қалыптастырылды, олардың 58-і нақты мерзімдері мен жауапты орындаушылары бар «Кедергілер картасына» енгізілді.