
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 23 сәуірде кедергілер жөніндегі өңірлік кеңес отырысын ұйымдастырды.
Күн тәртібіне Open Space алаңдарында көтерілген екі мәселе шығарылды. Біріншісі - ұлттық оператордың тұтынушыларға тауарлық газды тұтынушының қуаттарын есепке алмай, мәлімделгеннен төмен көлемде беруі және көлемдердің төмендеу негіздемелерін ұсынуы. Екіншісі - жобалық қуатқа шығу үшін Қарашығанақ жобасындағы елдің үлесі есебінен жеткізілімдерді бөле отырып, «Конденсат» АҚ МӨЗ-ін жүктеу.
Open Space форматында алдын ала талқылаулар уәкілетті мемлекеттік органдардың және «Конденсат» АҚ, «Батыс Пауэр» ЖШС, «Жайықжылуқуат» АҚ, «УГТЭС» ЖШС және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ БҚФ өкілдерінің қатысуымен өткізілді, олар энергия тасымалдаушыларға қолжетімділікке қатысты өз позицияларын ұсынды. Атап айтқанда, «Батыс Пауэр» ЖШС Бас директоры Марина Балашова «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан газ көлемін жеткізуді шектеу мәселесін айтты, бұл өз кезегінде электр энергиясының мәлімделген көлемін өндіруге әсер етеді. «Конденсат» АҚ Бас директоры Нурия Муфтеева кәсіпорындағы шикізат тапшылығын атап өтті.
Кедергілер жөніндегі кеңес отырысының нәтижелері бойынша туындаған кедергілерді жою бойынша одан әрі шешімдер қабылдау мақсатында тосқауылдар картасына енгізу үшін ұсыныстар жолданды.
Ашық көздерден алынған фотосурет