
Түркістан облысында тауық еті бағасының өсуі өңірде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық департаментінің тауық етін өндіру мен өткізудің тауар нарығына монополияға қарсы талдау жүргізуіне себеп болды. Белгілі болғандай, жыл басынан бері тауықтың сан етінің бағасының өсуі 9% құрады. Өсімнің елеулі көрсеткішін ескере отырып, монополияға қарсы департамент "Инфрастрой ЛТД" ЖШС әрекеттерінде бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама жіберді.
Қазіргі уақытта "Инфрастрой ЛТД" ЖШС өндірілетін өнімнің сату бағасын бұрынғы бағаға дейін төмендетіп, хабарламаны орындады.
Ашық көздерден алынған фотосурет