
Атырау облысы Кедергілер жөніндегі Кеңес отырысы аясында талқыланды.
Отырысқа телекоммуникация нарығының субъектілері: "Қазақтелеком", "Транстелеком", "Казтранском", "Астел", "Алма ТВ", "Картел" және басқалары, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Қазіргі уақытта кәбілдік кәріздің негізгі бөлігі "Қазақтелеком"АҚ-ның теңгерімінде және пайдалануға берілуде.
Сонымен қатар, басқа телекоммуникация операторлары өздерінің байланыс желілерін орнату үшін кабельдік кәрізге қол жеткізу кезінде қиындықтарға тап болады, нәтижесінде тұтынушыларға өз өнімдерін ұсына алмайды, бұл өз кезегінде телекоммуникациялық қызметтерді жеткізушіні таңдау мүмкіндігін шектейді.
Отырыс барысында Кедергілер жөніндегі Кеңес мүшелері мемлекеттік бюджет есебінен инженерлік инфрақұрылым жүргізу шеңберінде салынған кәбілдік кәріз объектілерін "Қазақтелеком" АҚ-ы теңгеріміне берудің орындылығы мәселесін көтерді.
Осыған байланысты, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында, кәбілдік кәрізге бәсекелестік негізде барлық байланыс және кәбілдік телевизия операторлары үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін, жаңадан салынып жатқан кәбілдік кәріз объектілерін "Смарт Атырау" КММ-сі басқаруына немесе барлық жұмыс істеп тұрған операторлардың қатысуымен консорциумға беру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Кеңеске қатысушылардың пікірінше, бұл шешім телекоммуникация нарығындағы бәсекелестікті арттыруға, ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсартуға және бағасын төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қызметтер спектрін кеңейтуге және өңірді цифрландыруға ықпал етеді.
Ашық көздерден алынған фотосурет