БІР КӨЗДЕН САТЫП АЛУ НАРЫҒЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР

БІР КӨЗДЕН САТЫП АЛУ НАРЫҒЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР

2021 жылғы 23 сәуірде Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің кедергілер жөніндегі кеңесінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды (жұмыстарды/қызметтерді) сатып алу саласындағы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, бір көзден сатып алуды өткізуге қатысты мәселелер талқыланды.

Департаментке "ЭкоЭкспресс Ақтөбе" ЖШС жер қойнауын пайдаланушының әрекетіне шағыммен жүгінді. "ЭкоЭкспресс Ақтөбе" ЖШС өкілі бір көзден сатып алуды өткізу кезінде тапсырыс берушілер тауарларды (жұмыстарды/қызметтерді) сатып алу саласындағы регламенттеуші Қағидалардың ережелеріне байланысты нормаларды өз қалауы бойынша түсіндіретінін атап өтті.

Осы жағдай және бір көзден сатып алуды өткізудің ашық болмауы бәсекелестікті шектеу үшін жағдай жасайды.

Кеңес барысында қатысушылар айтылған мәселелерді шешудің бірнеше нұсқасын ұсынды.

Кедергілер жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша бір көзден тауарды (жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді) сатып алу конкурсын өткізуді регламенттеу, оның ішінде тиісті Қағидаларға өзгерістер (толықтырулар) енгізу арқылы жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің күрделілік санаты бөлігінде 3 жылдан 5 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесінің болуы жөніндегі талаптарды белгілеу бөлігінде және осы мәселені уәкілетті органдармен бірлесіп пысықтау туралы шешім қабылданды.

Ашық көздерден алынған фотосурет