МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕУ

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕУ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен және Алматы облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп Мемлекеттік сатып алу порталында бәсекелестікті шектеу мәселелерін талқылады.

Алматы облысы әкімдігі басқармасының қызметкерлері өткізілетін тендер құжаттамасында көрсетілген шарттардың заңдылығы мәселелерін белгіледі, оған монополияға қарсы департаменттің қызметкерлері бәсекелестіктің ықтимал шектеулерін түсіндірді, мысал ретінде Алматы облысының "Талғар ауданының қаржы бөліміне" қатысты іс келтірілді, онда тендер шарттарында Департамент ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабын бұзушылықты анықтады.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің "Open Space" ашық коммуникациялық алаңы Мемлекет басшысының "халық үніне құлақ асатын мемлекет"тұжырымдамасын іске асыру аясында құрылды. Апта сайын жұма күндері департамент қызметкерлері онлайн және оффлайн режимінде мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алуға қолжетімділікті шектеуге, субсидиялау мен бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетудің тең емес шарттарына, монополистер желілеріне қосудан және энергия ресурстарын сатудан негізсіз бас тартуға, қызмет операторлары тарапынан тұтынушылардың құқықтарын бұзуға және бәсекелестіктің басқа да шектеулеріне байланысты тауар нарықтарына қатысушылардың ұсыныстарын, мәселелерін, проблемалары мен шағымдарын қарайды.

Департамент бизнес-қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды Open Space-ке белсенді қатысуға шақырады.

Facebook – Instagram-дағы @Dazrk_po_alm_obl, Facebook-тегі - @ДАЗРК Талдыкорган парақшаларында талқыланатын тақырыптар мен жоспарланған іс-шаралар жарияланатын болады.

Ұсыныстар электрондық пошта мекенжайы бойынша да қабылданады dazrk_al@azrk.gov.kz және тел: 8(7282)-24-63-61