ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАЛАРЫ НЕГІЗІНЕН ЖҰМСАҚ ҚҰҚЫҚ ӘДІСІМЕН ТҰРАҚТАНДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАЛАРЫ НЕГІЗІНЕН ЖҰМСАҚ ҚҰҚЫҚ ӘДІСІМЕН ТҰРАҚТАНДЫ

Бүгін Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңестің   52-отырысында Қазақстан, Ресей Федерациясы, Беларусь, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан монополияға қарсы ведомстволарының басшылары, ЕЭК, ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері ағымдағы кезеңде монополияға қарсы саясат саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде болған өзекті мәселелерді, неғұрлым елеулі оқиғаларды және басқа да өзекті тақырыптарды талқылады. Атап айтқанда, үш ел – Ресей, Қазақстан және Беларусь COVID-19 пандемиясы жағдайында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаларды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар бойынша шолулар ұсынды. Барлық үш ел ӘМАТ-қа шекті бағаларды мемлекеттік реттеу бойынша шаралар қабылдады. БҚДА-ның тәжірибесі туралы Агенттік төрағасы Серік Жұманғарин әңгімеледі.

Ол онлайн-кеңеске қатысушыларды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа, бәсекелестік саясатының негізгі бағыттарымен таныстырды. «Бүгінгі күні біз бұзушылықтар орын алған кезде «ex post» қағидаты бойынша жазалау шараларын қолданудан бас тартып, яғни бұзушылық орын алғанға дейін «ex ante» қағидаты бойынша жұмысқа көшеміз. Бұл нарық өзінің іс-әрекетін өзі түзете алуы және ықтимал бұзушылықтың алдын алуы үшін адвокаттандыруды, монополияға қарсы комплаенс жүйесін болжайтын халықаралық практика. Бәсекелестік саясаттың негізі осы».

Сондай-ақ Серік Жұманғарин 2020 жылдың соңында қол қойылған Мемлекет басшысының Жарлығы туралы хабардар етті, онда бәсекелестікті дамыту ұлттық идея және Үкімет, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар үшін қызметтің басым бағыты болып айқындалды.

«Жарлықта Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу көзделген. Ұлттық жоба - бұл бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясаттың қысқаша нысаны, жобалық тәсілді қолдана отырып, іс жүзінде ұлттық сипаттағы стратегиялық құжат».

Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың өсуін тежеу бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты елде қолданыстағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетігін белгіледі:

1. Жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) ӘМАТ-қа шекті мәндерді бекітуі және шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеуі. Шекті мәннен асқан жағдайда ЖАО шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларын белгілеуге және оларды сақтамағаны үшін нарық субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы.

2. «Айналым схемасы» шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті қаржыландыру беру және кейіннен азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету үшін тауарларды сатып алуды, сақтауды көздейтін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) жанындағы «тұрақтандыру қорларында» азық-түлік тауарларын қалыптастыру;

  1. Монополияға қарсы заңнаманың сақталуын бақылау.

«Осы жылдың басынан бастап үш ай ішінде БҚДА-ның өңірлік бөлімшелері бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша жұмыртқа, күнбағыс майы, қант, қарақұмық жармасы, сүт өнімдері, тауық еті, макарон (рожки) өндірушілеріне және көтерме саудад жеткізушілерге қатысты 48 хабарлама шығарды. Оның 39-ы орындалды. Тауық жұмыртқасын, күнбағыс майын, қант пен қарақұмық жармасын бірқатар өндірушілер мен көтерме саудада жеткізушілер бағалардың 10%-ға дейін төмендегенін мәлімдеді. Азық-түлік тауарларын өндірушілермен және ірі супермаркеттермен 77 монополияға қарсы комплаенс актісі жасалды. 7 тергеп-тексеру басталды, яғни көп жағдайда жұмсақ құқық әдісімен азық-түлік бағаларын тежеу мүмкін болды».

Мемлекет жүргізген жұмыс нәтижесінде ӘМАТ бағалары наурыз айының ортасынан бастап тұрақтанды. Тұтастай алғанда апта сайынғы серпін 0,1%-ға дейін төмендеді. Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпан айларында бағалардың апта сайынғы өсу серпіні 0,4%-ды құрады. Қазіргі кезде ұн, күріш, рожки, жұмыртқа бағаларының жаппай төмендеуі атап өтіледі.