ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ» КММ-СІ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕГЕН

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІ» КММ-СІ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕГЕН

Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы органмен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» № 1095 қаулысында қарастырылмаған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметі бойынша ұйымдастыру жұмысына «Тұрғын үй жөндеу-Тараз» ЖШС-мен бір көзден сатып алу тәсілімен келісім шарттар жасасу арқылы өзге де нарық субъектілерінің тиісті тауар нарығына кіруін шектегені үшін «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» КММ-не қатысты хабарлама енгізілді.

Хабарлама алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуға жатады.

Хабарламаны орындамау, оны толық көлемде орындамау, оны орындаудың белгілеген мерзімін бұзу монополияға қарсы органмен бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына тергеп-тексеру тағайындау үшін негіз болып табылады.

Ашық көздерден алынған фотосурет