
Бүгін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері мен орталық аппаратының қызметкерлері «Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ Ресей Федерациясы Жоғары экономика мектебінің бәсекелестік саясат және нарықты реттеу институтымен бірлесіп ұйымдастырған тауар нарықтарындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдау және бағалау ж.ргізу мәселелері жөніндегі үш күндік семинарды аяқтады.
Практикум шеңберінде қатысушылар тауар нарықтарындағы бәсекелес ортаның жай-күйін бағалаудың теориялық және практикалық аспектілерін, оның ішінде талдаудың географиялық шекараларды, тауарлардың өзара алмасуын анықтау, субъектілік құрамын айқындау және т.б. сияқты кезеңдерін қарайды. Тауар нарықтарын талдаудың барлық нюанстары мен ерекшеліктерін Алдаш Айтжанов, Людмила Устьянцева (Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы), Ирина Князева (Сібір басқару институтының бәсекелестік саясат пен экономиканы зерттеу орталығы – РАНХиГС филиалы), Михаил Шихмурадов (Жоғары экономика мектебі, РФ) сияқты сарапшылар және басқалар түсіндіреді.