Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2021 жылғы 30 наурызда кедергілер жөніндегі кеңес отырысын өткізді.
Күн тәртібіне «Демеу және К» ЖШС тиесілі газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді жүзеге асыруға тыйым салуды белгілеу бөлігінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының (бұдан әрі-Аймақ) іс-әрекеттеріне Департаментке «Газреммонтаж» ЖШС-дан келіп түскен өтініш шығарылды.
Аймақ өзінің әрекеттерімен «Газреммонтаж» ЖШС үшін газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге тыйым салады.
Аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, «Газреммонтаж» ЖШС, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ КПФ, «Интер Газ Орталық Азия» АҚ Қызылорда филиалы және «Ану-Құрылыс» ЖШС өкілдерінің қатысуымен Open Space форматында талқылаулар алдын ала өтті, олар аттестаттары бар барлық заңды тұлғаларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мүмкіндігіне қатысты өз ұстанымдарын ұсынды.
Сөз соңында Монополияға қарсы департаментінің директоры Ерсін Орынбаев бәсекелестікті дамыту және осы нарықтағы кедергіні жою мақсатында басқа заңды тұлғалар үшін газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге заңнамалық деңгейде рұқсат беру туралы мәселені қарау қажет екенін айтты. Кедергілер жөніндегі кеңес мүшелері бұл шешімді қолдап, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» және «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңдарына өзгерістер енгізуге бастама жасауды ұсынды.