
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар мониторингі шеңберінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті ағымдағы жылғы 26 наурыздан бастап «Когер ЛТД» ЖШС құс фабрикасы өндіретін Ак-кус сауда белгісінің бірінші санаттағы тауық жұмыртқасының бағасын 3%-ға төмендеткенін анықтады. Мұндай шараларды кәсіпорын халықтың әлеуметтік осал топтарын қолжетімді өніммен қамтамасыз ету үшін қабылдады.
Ашық көздерден алынған фотосурет