АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА СУПЕРМАРКЕТТЕР БІР ТАУАРҒА ӘРТҮРЛІ БАҒАНЫ ҚОЛДАНАДЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА СУПЕРМАРКЕТТЕР БІР ТАУАРҒА ӘРТҮРЛІ БАҒАНЫ ҚОЛДАНАДЫ

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті бірқатар супермаркеттердің іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтады. 

Белгілі болғандай, бір сауда желісіне жататын супермаркеттерде бір тауарға, атап айтқанда, жеміс-көкөніс өнімдеріне, күнбағыс майына, макарон өнімдеріне және қарақұмық жармасына әртүрлі бағалар қолданылған, бұл Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2) тармақшасына қайшы келеді. Үш сауда желісінің супермаркеттерінде бұзушылықтар анықталды.

Осыған байланысты, Департамент нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы хабарламалар шығарды және оны нарық субъектілері қабылдаған күннен бастап 30 күннен кешіктірілмейтін мерзімде орындалуға жатады.

ашық көздерден алынған фотосурет