БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ НҰСҚАМАСЫНА ШАҒЫМДАНУДАН БАС ТАРТТЫ

БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ НҰСҚАМАСЫНА ШАҒЫМДАНУДАН БАС ТАРТТЫ

Бұдан бұрын, Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) және сенімгерлік басқаруға беру тендерлеріне жүргізілген талдау шеңберінде "Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" ММ қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларында көзделген бұзушылық белгілері бойынша тергеуді аяқталғаны сөз болған. Бұл туралы https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/154837?lang=ru айтылған.

Тергеу нәтижелері бойынша "Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" ММ-не қатысты бар бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама шығарылған.

"Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" ММ нұсқамамен келіспей, Департаменттің іс-әрекетіне Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына шағым түсірді.

2021 жылғы 25 наурызда бірінші сатыдағы сот шешімі жария етілді, оған сәйкес "Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" ММ талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды. Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.

Ашық көздерден алынған фотосурет