
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті 2021 жылы 26 наурызда онлайн режимінде кедергілер жөніндегі Кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) кезекті отырысын өткізді.
Кеңес отырысында Жеке кәсіпкер- Н.М.Содылева сөз сөйлеп, қатысушыларды ЭШФ АЖ енгізу, "Виртуалды қойма" енгізу жағдайымен таныстырып өтті.
Азық-түлік өнімдерін, алкоголь және темекі өнімдерін, шаруашылық тауарларын және бірінші кезекте қажет тауарларды өткізу кезінде кәсіпкерлерге, дүкендерге, сауда орталықтарға, шатырлар және т.б. (микрокәсіпкерлік субъектілеріне) есептеу машинасының фискалдық чегінен басқа сатып алушының қолына ТЖҚ және ЭШФ беру қажет.
Сондай-ақ, жұмыс күні ішінде сатылған барлық тауарларды Виртуалды қойма арқылы ЭШФ АЖ модулінде тіркеп шығару керек. Одан бөлек 328.00 СЕН қосымша тапсыру қажет.
ТЖҚ және ЭШФ тауар туралы деректер виртуалды қоймадан, сондай-ақ 328.00 СЕН-да есептен шығару кезінде атауы бойынша да, кеден арқылы өту күні бойынша да айырмашылықтар болмауы тиіс. Егер құжаттар уақтылы ресімделмеген болса, онда тағы да айыппұлдар қарастырылады.
Есепшінің жоқтығы (қосымша штат бірлігін тарту мүмкін еместігі). Түрлі жаңа кассалық аппараттарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, сканерлерді, ай сайынғы қызмет көрсетуді, сервис пен жөндеуді сатып алуға ақша қаражатының жеткіліксіздігі. Бұл әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен тауарлар бағасының мәжбүрлі өсуіне әкеліп соғады, бұл сатып алушылардың кетуіне әкеледі.
Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері мүдделі мемлекеттік органдарының атына хат жолдау туралы шешім қабылдады.
Ашық көздерден алынған фотосурет