ЖЖМ БАҒАСЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН НЕГІЗСІЗ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ

ЖЖМ БАҒАСЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ МЕН НЕГІЗСІЗ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті ұйымдастырған «Open Space» форматындағы отырыста салалық мемлекеттік органдар мен жанар-жағармай материалдары (бұдан әрі - ЖЖМ) бөлшек саудасын жүзеге асыратын ірі нарық субъектілері өкілдерінің қатысуымен, ЖЖМ бағасының тапшылығы мен негізсіз өсуіне жол бермеуі мәселесі талқыланды.

Талқылау барысында бизнес қоғамдастық өкілдері ЖЖМ-ын өткізу бағасының өсуіне әсер ететін бірқатар факторларды келтірді, атап айтқанда, Қазақстандық мұнай өңдеу зауытында алыс-беріс шарттарымен жеткізілетін мұнай құнының қымбаттауы, «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңының өзгеруіне байланысты мұнай өңдеу зауыттарында процессинг үшін мөлшерлемелерінің артуы және кірме жолдар қызметтеріне тарифтердің ұлғаюы.

Отырыс соңында Департамент іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар жүйесі туралы, сондай-ақ бағаларды төмендету немесе ұстап тұру мақсатында нарық субъектілерінің шығындарын оңтайландырудың орындылығы туралы түсініктемелер берді.

Алдағы талқыланатын тақырыптар мен жоспарланған іс-шаралар Департаменттің Instagram-дағы парақшасында @dazrk_atyrau және Facebook @Антимонопольный орган РК по Атырауской области парақшасында жарияланатын болады.

Ұсыныстар электрондық пошта мекенжайы бойынша қабылданады: dazrk_atyrau@azrk.gov.kz   және тел.: 8(7122)27-01-80.