Шекаралар жабылған кезде ауқым шешуші әсер етеді

Шекаралар жабылған кезде ауқым шешуші әсер етеді

COVID-19 және ШОБ-тың қызметі - нарықтар мен саудаға қол жеткізу бөлігінде шағын және орта кәсіпорындарға дағдарыс қалай әсер етті? Жаппай шектеулер жалғасып жатқан жағдайда ШОБ-қа қалай көмектесуге болады?

ЮНКТАД периметрі елдеріндегі ШОБ кәсіпорындарының қазіргі жай-күйін қозғайтын тақырыптардың кең спектрі ЮНКТАД - БҰҰ ЕЭК өңірлік диалогы алаңындағы интерактивті пікірталас форматында талқыланды. ЮНКТАД-тың шағын және орта бизнестің нарықтарға және бәсекелестікке қол жеткізуіне COVID-19 әсері тақырыбына жаһандық зерттеуін, алдағы іс-қимылға қатысты түйінді мәселелер мен ұсыныстарға шолуды БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі халықаралық конференциясының консультанты Рейчел Бургесс таныстырды. Мемлекеттік органдардың, Ресей, Грузия, Молдова, Сербияның монополияға қарсы ведомстволарының ШОБ-ты дамыту мәселелері бойынша өкілдері өз елдерінің кейстерімен бөлісті. Спикерлердің жылдам екі минуттық сөз сөйлеуінде тәжірибе алмасу өте мазмұнды және ақпаратқа толы болды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Қазақстандағы ахуал туралы сөз қозғады.

- Түрлі лауазымдарда кәсіпкерлікті дамытумен 10 жылдан астам уақыт бойы айналысып келемін, және шағын және орта бизнес экономиканың ауытқуларына икемділігі мен тұрақтылығының арқасында экономиканың сенімді негізі болып табылады деп есептелді, - деп атап өтті ол. - Бірақ пандемия көрсеткендей, ол ұзақ мерзімді сынақтарға дайын емес. Бұл ШОБ-та ауқым әсерінің, елеулі қойма қорларын қалыптастыру және дағдарыс жағдайында ұзақ мерзімде қаржылық-орнықтылық мүмкіндіктерінің болмауына байланысты. Қазақстанда пандемия кезеңінде шағын және орта бизнеске айтарлықтай қолдау көрсетілді, көптеген салықтық, тарифтік және тарифтік емес жеңілдіктер мен босаңсытулар енгізілді, экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар әзірленді және бизнестің жол картасы шеңберінде қолдау шаралары күшейтілді.

Пандемия жағдайында бәсекеге қабілетті экономикаға көзқарас парадигмасы өзгерді, бүгінде саналы бәсекелестіктің орнына тиімді бәсекелестіктің көрсеткіші бірінші орынға шығады. ШОБ-тың тіршілік әрекеті үшін экологиялық ортаны қалыптастыратын ірі кәсіпорындар экономиканы дамыту үшін маңызды факторға айналады. Кәсіпорын ауқымының әсері шекаралар жабылған кезде шешуші рөл атқарады.

2020 жылдың соңында Қазақстанның Мемлекет басшысы Бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы Жарлыққа қол қойды, онда бәсекелестік елдің ұлттық идеясы деп жарияланды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің алдына қойылған міндеттерді іске асыру үшін 2025 жылға дейін есептелген Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба әзірленді. Онда бірнеше негізгі міндеттер бар – бәсекелестік салалардағы мемлекет иелігінен алу, кәсіпкерлікті теңгерімді реттеу және салауатты бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету. Бүгін біз монополияға қарсы орган туралы түсінік парадигмасын өзгерттік, ол жазалаушы орган емес, елдегі бизнесті қолдау органы болды. 2025 жылға қарай біз мынадай түбегейлі өзгерістерді күтеміз: кәсіпкерлік субъектілерін дамытудың қарапайым қағидаттарынан - қазіргі заманғы кәсіпкерлік экожүйесін құруға көшу. Бизнесті қолдау жөніндегі «сандық» міндеттен - талап етілетін инфрақұрылымды құра отырып, сапалы «топтамалық шешімдер» қабылдауға дейін.

Реттеуден ынталандыруға дейін. «Көлеңкелі» бизнесті дамыту мүмкіндігінен - адал «ашық» бизнес жүргізуге жағдай жасауға және «көлеңкелі» нарықты анықтаудың бұлтартпастығына. Меншік иесі және салалардағы реттеуші ретіндегі мемлекеттің белсенді рөлінен - жеке субъектілер арасындағы салауатты бәсекелестікке. Бұған лайықты алғышарттар да бар – бүгінде Қазақстан Doing Business рейтингінде                25-орынды иеленіп отыр. ПТР-тестілеу, ковидке қарсы препараттар, медициналық маскаларға бағаны кезең-кезеңмен төмендету мысалында бәсекелестік артықшылықтарды енгізу есебінен біз мақсатқа қол жеткізуге болатынын көреміз.