
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы 2021 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Асылбек Құсайыновты «Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі - Адалдық Алаңы» жобалық офистің жетекшісі етіп тағайындау туралы бұйрыққа қол қойды.
Ақылбек Құсайынов Zan Hub заң фирмасының серіктесі, монополияға қарсы құқық саласындағы заң қызметтерін ұсынуға маманданған, фармацевтика және денсаулық сақтау саласында монополияға қарсы практиканы дамытумен белсенді айналысады. ҚР Кәсіпкерлік кодексіне (4-бөлім «Экономикалық бәсекелестік») ғылыми-практикалық түсіндірме дайындауға қатысқан алғашқы коммерциялық заңгерлердің бірі. ҚР заңнамасын дайындау және дамыту жөніндегі түрлі жұмыс топтарына мүше болып табылады.
«Адалдық алаңы» жобалық офисі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде 2020 жылғы 11 желтоқсанда құрылды. Жоба мақсаты - қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, консультативтік-кеңесші органды қалыптастыру жолымен қоғамдық бақылауды жүзеге асыру және тұтастай алғанда азаматтардың Агенттіктің қызметіне сенімін арттыру.
Жобалық офис Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 4-кіреберіс мекенжайы бойынша әкімшілік ғимаратта орналасқан.