ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕГЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ АШЫЛДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕГЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ АШЫЛДЫ

Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы органмен «Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-не қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына тергеп-тексеру тағайындалды.

Тергеп-тексеруді тағайындауға жергілікті атқарушы органға қатысты хабарлама шығарылған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде нарықтың   басқа субъектілерінің тиісті тауар нарығына кіруін шектеу бөлігінде заңнаманы бұзудың қайталануы негіз болды.