
Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы органмен «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» және «Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне «Құлан-Энерго Жылу» ШЖҚ КМК-мен жарғысында көзделмеген қалдық төгілетін септиктердің қалдықтарын тазарту жөніндегі қызмет түрлеріне тікелей шарттар жасасу арқылы нарықтың басқа субъектілерінің тауар нарығына кіруін шектеу бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тоқтату туралы хабарламалар жолданды.
Хабарлама алынған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуға жатады.
ашық көздерден алынған фотосурет