
Ақтөбе облысындағы тауық жұмыртқасын өндірушіге қатысты оның әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығарылды.
Бұзушылық белгілері өндірушінің Ақтөбе облысына жеткізу мүмкіндігі бола тұра, өнімді жеткізу көлемін негізсіз қысқарту бөлігінде қарастырылған.
Белгілі болғандай, өндіруші Ақтөбе облысына жеткізу көлемін қысқарта отырып, тауық жұмыртқасын басқа өңірлерге, оның ішінде экспортқа неғұрлым тартымды бағамен жеткізуді жөн көрді. Мүмкіндіктер болған кезде өндіруші аймақтың қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етпеді, нәтижесінде облыс үшін нарық субъектілері көлік және басқа да шығындарға байланысты жоғары бағамен Ресейден және республиканың басқа аймақтарынан жұмыртқа сатып алды.
Бұл ретте осы өндіруші Ақтөбе облысының бюджетінен тауық жұмыртқасы өндірісінің құнын арзандатуға және жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алуға субсидиялар алды (субсидиялар мемлекет өтеусіз негізде бөледі).
Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті өндірушіге қатысты оның әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығарды.
Хабарлама 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуға жатады, өндірушіге қатысты хабарлама орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы тергеу тағайындалатын болады.
ашық көздерден алынған фотосурет