
ЖЖМ бағасының өсуіне байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2021 жылғы 5 наурызда "Open Space" алаңында ЖЖМ сатумен айналысатын субъектілер өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді.
SINOOIL ЖШС және "ГазпромНефть-Қазақстан" ЖШС компанияларының өкілдері бөлшек бағаның өсуінің негізгі себебі ретінде 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап ЖЖМ сатып алу құнының өскенін хабарлады. Департамент тарапынан қатысушыларға ЖЖМ бағасының негізсіз өсуі жағдайында монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдайтынын хабарлады.
Алматы облысы бойынша монополияға қарсы орган бизнес-қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды Open Space-ке белсенді қатысуға шақырады.
Facebook Instagram–дағы dazrk_po_alm_obl, ал Facebook-тегі- ДАЗРК Талдыкорган парақшасында талқыланатын тақырыптар мен жоспарланған іс-шаралар жарияланатын болады.
Ұсыныстар электрондық пошта мекенжайы бойынша да қабылданады dazrk_al@azrk.gov.kz және тел: 8(7282)-24-63-61