2021 ЖЫЛДЫҢ КӨКТЕМІ БИРЖАЛЫҚ САУДА ТЕТІКТЕРІН СЫНАҚТАН ӨТКІЗУДЕ АЙҚЫНДАУШЫ БОЛАДЫ

2021 ЖЫЛДЫҢ КӨКТЕМІ БИРЖАЛЫҚ САУДА ТЕТІКТЕРІН СЫНАҚТАН ӨТКІЗУДЕ АЙҚЫНДАУШЫ БОЛАДЫ

2021 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының Биржалық комитетіне қатысушылар алдағы уақытта бірқатар тауарларды биржалық сауда алаңына шығарудың өзекті мәселелерін талқылады. Осы кезде, Биржалық комитет құрылғаннан 5 ай өткен соң және Биржалық тауарлар тізбесінде бекітілген өнімдерді шығару үшін қажетті құралдар мен құқықтық тетіктерді құру бойынша жұмыс басталған сәттен бастап барлық тараптар атқарылған жұмыстың маңызды нәтижелерін атап өтті. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин кіріспе сөзінде атап өткендей, бүгінгі күні барлық стейкхолдерлердің биржалық сауда-саттықты нақты түсінедіг және оны бастауға дайын.

Биржалық сауда тетіктерін жетілдіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, партияның ең аз мөлшерінен тауар биржасы арқылы өткізуге жататын ең аз үлеске және осы талап (көмір, астық) қолданылатын тұлғалар санатына көшу, сондай-ақ битумның 10%-ын тауар биржасы арқылы өткізудің қолданыстағы талабы қолданылатын тұлғалар санатын айқындау бөлігінде қолданыстағы Биржалық тауарлардың тізбесіне өзгерістер енгізу процесі белсенді өтіп жатыр. Биржалық сауда-саттыққа шығарылатын әрбір тауардың ерекшелігін ескере отырып, биржалық сауданың үлгілік қағидаларына енгізу үшін оның әрқайсысы бойынша ұсынымдар (секциялық қағидалар) әзірленді.

Қазақстанның Астық одағы тарапынан Тізбеде бекітілген партияның ең төменгі мөлшерінен ең төменгі үлесті бекітуге көшуге дайындық байқалады,-деп хабарлады АШМ вице-министрі Нұрбек Дайырбеков. Кезең-кезеңмен көшу ұсынылады, ол бойынша алдағы екі маусымда, 2021-2023 жылдары биржалық сауда-саттыққа шығару үлесі астықтың жалпы айналымының 5%-ын, кейінгі, 2024-2025 жылдары - 10%-ын және одан әрі-15%-ын құрайды. Сондай-ақ Нұрбек Дайырбеков биржалық сауданы экспорттаушы астық трейдерлері мен қайта өңдеушілер арасында өндірілген астық саудасы жүріп жатқан қайталама нарықта шоғырландыруды ұсынды. Осы ұсыныспен қатар Астық одағы негізгі маркетмейкерлер үшін тиісті мемлекеттік қолдау шараларын сұрады. Өз тарапынан ЕСЖ тауар биржасы маркетмейкерлер үшін биржалық комиссияларға преференциялар туралы жариялады.

Ұнның биржалық саудасы саласында жағдай әлдеқайда күрделі. Вице-министрдің айтуынша, осы нарықтың стейкхолдерлерімен әлі де астықтың жалпы айналымынан ең төменгі үлеске көшу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сала терең дағдарыста, себебі Астық өңдеу бойынша өз қуаттылығы салынып жатқан Орта Азия мен Ауғанстанның негізгі нарықтары қазақстандық ұн тартушылар үшін тарылып келеді. Сондай-ақ сатып алушыларды биржалық сауда-саттыққа тартуда белгілі бір қиындықтар бар. Вице-министрдің айтуынша, қазіргі кезде АШМ-де өзбек тауар биржасымен бірлескен сауда-саттық бойынша жобаны ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланып жатыр.

Биржалық саудаға қатысушылардың сипаттамасын және сауданы ұйымдастыру тәртібін қамтитын көмір, битум, мұнай өнімдерінің биржалық саудасы жөніндегі ұсынымдар (секциялық қағидалар) битум және мұнай өнімдерінің саудасына қатысты ЭМ тарапынан қолдау тапты, бірақ Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы тарапынан коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасына қатысты көптеген сұрақтар туғызды. Негізгі сәттер - көмірді сатудың маусымдылығы, сауда-саттықты өткізу тетігі.

- Биржалық комитет әрбір тауар үшін оның ерекшелігін ескере отырып, секциялық қағидаларды әзірледі, қазіргі кезде ҰЭМ және ҚМ МКК-мен экспорттаушыларға ҚҚС-ны жедел қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті Серік Жұманғарин. - Коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасына келетін болсақ - бұл бәрінің ішіндегі ең әлеуметтік маңызды тауар. Ұсыныстарды әзірлеу негізіне сұйытылған мұнай газы бойынша өңделген схема алынды: сауда-саттық ай сайын, 5 күн ішінде жүргізіледі. Егер сатып алушылар болмаса, көмір өндіруші компания тауарды өз қалауы бойынша сатады. Бұл жағдайда барлық шарттар биржада тіркелуі керек. Қауымдастық сауда-саттықты 4 ай бойы, көмірді ең жоғары тұтыну маусымында, қыркүйектен желтоқсанға дейін өткізуді талап етеді, алайда басқа айларда көмірге деген сұраныс онша жоғары болмаса да бар. Біз жеткізудің түрлі нұсқаларын талқылауға дайынбыз, бірақ жыл бойы көмірдің қолжетімділігі біржақты болуға тиіс.

Өз тарапынан Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Биржалық комитетке пилоттық режимде сауда-саттықтың барлық процесі мен тетіктерін сынақтан өткізу үшін бензин мен битум бойынша нарыққа барлық қатысушылармен наурыз айының соңына дейін тестілік режимде сауда-саттықты ұйымдастыруды ұсынды. Осыған орай «ЕСЖ тауар биржасы» АҚ Басқарма төрағасы Құрмет Оразаев биржаның сауда-саттықты наурыз айында бастауға дайын екенін растады.

Сондай-ақ Биржалық комитетте ТМКҚ өкілдерімен соңғы тұтынушы үшін коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатудың және жеткізудің цифрлық платформасы таныстырылды. Сату және логистика схемасы өте қарапайым: өтініш бергеннен кейін жүйе көмірді жеткізудің тұйығын автоматты түрде анықтайды, жүргізушіні тағайындайды. Тапсырысты төлеу алған кезде жүзеге асырылады. Жүйе жұмыс істеген 2 жыл ішінде оған 10 қаладағы 27 тұйық қосылды. Онлайн-жүйенің негізгі міндеті - коммуналдық-тұрмыстық көмірдің тапсырысы бойынша Қазақстанда алғашқы онлайн сервисті құру және осы арқылы оның түпкі құнының жоғары болуының негізгі проблемаларының бірі - өңірлік тұйықтарда жоғары бағамен қайта сатуды шешу.