
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті жанындағы Кедергілер жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қоғамдық көлік қызметтерін көрсету нарығындағы бәсекелестікті дамытудың осындай кедергісі қаралды.
Уәкілетті органдардың мәліметінше Нұр-Сұлтан қаласында 5 жеке (396 автобус бірлігі) және 1 мемлекеттік (723 автобус бірлігі) автобус паркі қала тұрғындарына қоғамдық көлік қызметін көрсетеді.
Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.
Жеке автобус парктерінің мәліметінше, субсидия муниципалды паркке қарағанда жеке автобус парктеріне екі есе аз төленеді.
Бұл кедергілер, жеке автобус парктерінің шығынға ұшырауына, лизингке ақы төлеу және автобус паркін одан әрі жаңарту мүмкіндігін шектеуде.
Жеке автобус парктерінің мәліметінше, оларға субсидиялар муниципалитетке қарағанда екі есе аз бөлінеді, бұл жеке меншік иелерінің лизинг, автобус паркін жаңарту және басқа да шығындарын жабу мүмкіндіктерін шектеуде.
Кеңес отырысының қорытындысымен, жұмысшы органға комиссияның әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау қатысты шешім, негіздерін анықтап, қажеттілік болған жағдайда, монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау тапсырылды.
www.inform.kz фотосы