
2021 жылғы 22 ақпанда елордалық монополияға қарсы Пепартаменттің өкілдері Нұр-Сұлтан теміржол жүк станцияларына барып, тармақ иеленушілердің, оның ішінде «Темір Сервис Астана» ЖШС операторының жұмысымен танысты. Кездесу барысында қатысушылар кірме жолдар қызметтерінің ерекшеліктерін талқылады.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанның үш жүк станциясының кірме жолдарында түрлі операторлар жұмыс жасайды. «Сороковая» станцияда – «Темір Сервис Астана» ЖШС, «Астана» станциясында – «Көліктік сервис орталығы» АҚ, «Өндіріс» станциясына «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ қызмет көрсетеді. Темір жол арқылы әлеуметтік маңызы бар, стратегиялық объектілердің (КСО қызметтері, көмір карьерлері, мұнай базалары және т.б.) үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті жүктерді жеткізу жүзеге асырылады. Бұл ретте әрбір оператордың тарифі оның санатына - өнімдерге, отынға, шикізатқа немесе басқасына қарамастан, тасымалданатын әрбір тауардың түпкілікті бағасына әсер етеді.
Кездесу барысында Департамент өкілдері барлық қатысушыларға монополияға қарсы заңнама нормаларын түсіндірді.