Кірме жолдар қызметтерінің нарығындағы кедергілер

Кірме жолдар қызметтерінің нарығындағы кедергілер

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті кірме жолдар қызметі нарығындағы бәсекелестікті шектеудің өткір мәселелерін реттеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Бұл тақырып 2021 жылдың 26 ақпанында «Open Space» алаңында кірме жолдар қызметін пайдаланатын нарық субъектілерімен бірлесіп талқыланған. Департамент басшысы ермек камелев қатысушыларға «теміржол көлігі туралы» қр заңын тармақ иеленушілер сақтамаған жағдайда кірме жолдар жұмысындағы іркілістерге және вагондардың жүк операцияларында болу уақытының ұлғаюына, паркті пайдаланғаны үшін төлемақыға әкеп соқтыруы мүмкін екенін хабарлады. Ал мұның барлығы, тиісінше, қр бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын өрескел бұзуға әкеп соғуы мүмкін.

Қатысушылар тармақ иеленушілер ұсынатын кірме жолдар қызметтерінің жоғары тарифіне қатысты мәселелерді қозғады.

Қр бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің "open space" ашық коммуникациялық алаңы мемлекет басшысының "халық үніне құлақ асатын мемлекет"тұжырымдамасын іске асыру аясында құрылды. Апта сайын жұма күндері департамент қызметкерлері онлайн және оффлайн режимінде мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алуға қолжетімділікті шектеуге, субсидиялау мен бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетудің тең емес шарттарына, монополистер желілеріне қосудан және энергия ресурстарын сатудан негізсіз бас тартуға, қызмет операторлары тарапынан тұтынушылардың құқықтарын бұзуға және бәсекелестіктің басқа да шектеулеріне байланысты тауар нарықтарына қатысушылардың ұсыныстарын, мәселелерін, проблемалары мен шағымдарын қарайды.

Департамент бизнес-қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды open space-ке белсенді қатысуға шақырады.

Департаменттің instagram-дағы @dazrk_po_alm_obl, facebook-тегі - @dazrk_alm_obl парақшаларында талқыланатын тақырыптар мен жоспарланған іс-шаралар жарияланатын болады.

Ұсыныстар электрондық пошта мекенжайы бойынша да қабылданады dazrk_al@azrk.gov.kz және тел: 8(7282)-24-63-61.

ашық көздерден алынған фотосурет