
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ның басшылығымен кездесу өткізді. .
Кездесуге Мемлекет басшысы берген кірме жолдар операторларының қызметіне бәсекелестікке қарсы әрекеттердің және басқа да бұзушылықтардың болуы тұрғысынан талдау жүргізу бөлігіндегі тапсырмасын орындау себеп болды. Мұндай тапсырма республиканың әртүрлі өңірлерінің кәсіпкерлерінен теміржол желілеріне кірме жолдардың жекеменшік иелеріне көптеген шағымдардың түсуіне байланысты. Атап айтқанда, «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ның қызметіне. Негізгі шағымдар: көрсетілген қызметтердің құнын есептеу кезінде КСО контрагент нақты пайдаланғанды емес, кірме жолдың барлық ұзындығын ескереді, бұл көрсетілген қызмет құнының қымбаттауына әкеледі. Сондай-ақ кірме жолдарға меншік құқығын пайдалана отырып, «КСО» АҚ жүк жөнелтушілер вагондарының тұрып қалуына әкелетін жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын жиі жүргізетіні, локомотивтік тартқыштың белгілі бір операторымен шарт жасасу туралы талаптарды күштеп таңатыны атап өтілді.
Кездесуде БҚДА тарапынан кәсіпорынның монополияға қарсы комплаенсті қабылдау мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Агенттік «КСО» АҚ-ға өзінің ресми сайтында транспаренттілік туралы өтінішті орналастыруды, монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісінің жобасын әзірлеуді, ресми сайтта оларға меншік құқығында тиесілі кірме жолдардың тізбесін орналастыруды, кірме жолда қызмет көрсету және қозғалысты ұйымдастыру тәртібі туралы бірыңғай үлгілік нұсқаулықты әзірлеуді және тұтастай алғанда – «КСО» АҚ-ның және онымен байланысты компаниялардың қызметін бәсекелестік саясат қағидаттарына сәйкес келтіруді ұсынды.
Аталған ұсыныстарды «КСО» АҚ қолдады, бұл өз сайтында тиісті өтінішті дереу жариялаудан көрінді.
Ашық көздерден алынған фотосурет