КІРМЕ ЖОЛДАР ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУДІҢ АШЫҚТЫҒЫ

КІРМЕ ЖОЛДАР ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУДІҢ АШЫҚТЫҒЫ

Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департамент нарықтың мүдделі қатысушыларымен бірге кезекті Open Space-те кірме жолдар бойынша қызмет көрсету, локомотивтік тартқыш қызметін көрсету, вагондарды беру-алу қызметтері кезінде басым операторлардың іс-қимылы ашықтығының өзекті мәселелерін талқылады.

Іс-шараға «ҚТЖ Жүк тасымалы» АҚ, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Қарағанды жүк тиеу-көлік басқармасы, «Жезқазған-Эйр әуежайы» АҚ, «BusinessAdministrationTeamCompany» ЖШС, «Мерей Астана» ЖШС, «Осакаровка Транзитсервис» ЖШС, «Сормайт» ЖШС, «Хуа Тун (Орталық Азия) Кабель» ЖШС, «Сарыарқа «Арнайы экономикалық аймағын басқарушы компания» АҚ, «Сталь Инжиниринг өндірістік бірлестік» ЖШС, «Ак Нура ХПП» ЖШС өкілдері қатысты.

Open Space барысында қызмет алушының өкілі вагондардың өз кінәсінен емес тұрып қалғаны үшін айыппұл санкцияларын қою туралы проблемалық мәселе көтерді. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші «ҚТЖ Жүк тасымалы»АҚ-нан вагондардың тұрып қалғаны үшін айыппұлды қайта салғанына шағымданады. Бүгінгі күні Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департамент осы мәселені Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес өкілеттіктер шеңберінде қарастырып жатыр.

Сондай-ақ, кірме жолдар бойынша көрсетілетін қызметтер бойынша басқа қызмет түрлерін жүктеудің болуы және (немесе) болмауы, локомотивтік тартқыш қызметін көрсету, вагондарды беру-алып кету мәселелері талқыланды.

Алдағы уақытта талқыланатын тақырыптар бойынша ұсыныстар karaganda@azrk.gov.kz электрондық поштасы және 8(7212) 42-35-51 телефон нөмірі бойынша қабылданады.

ашық көздерден алынған фотосурет